Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
КМҚК "№190 бөбекжай-балабақшасы" базасында "Steam технологиясы - мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту" тақырыбында қалалық семинар өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің бұйрығына сәйкес құрылған Құзіреттілік орталығының жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.
"Шексіз талант" VII қалалық шығармашылық фестиваліне балабақша педагогтері қатысып жүлделі орындарды қанжығаға байлады. "Бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер" номинациясы бойынша II орын. "Хореография" номинациясы бойынша III-орын. Жүлделі жеңістеріміз көп болсын.
"Қош келдің Әз- Наурыз" Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау.Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ойындар жайында қарапайым түсінік беру. Ұлттық құндылықтардың ерешеліктерімен таныстыру.
"Дәстүрімнің бал қаймағы-әжелер" біртұтас тәрбие аясында балабақша әжелерінің қатысуымен ұйымдастырылған сайыс өтті. Балабақша балаларының бойына ұлттық салт-дәстүрімізді , ұлттық құндылықты сіңіруге қосқан үлестері үшін ата-әжелерімізге алғысымызды білдіреміз!