Іс-шаралар » Страница 10 » №190 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№190 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 229-59-33
Әдіскер:
+7(727) 229-59-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Балаларды қорғау күні"
03
маусым
2022
"Балаларды қорғау күні"
Жаздың алғашқы күні,балалардың шуақты сыңғырымен басталды.   Биылғы жыл балалар жылы. Балаларды қорғау күніне орай бақшамызда "Бақытты балалар" тақырыбында ойын-сауық өтті. Қызықты ойындар, әндер шырқалып,  тәттіледен дәм татып, балаларға көтеріңкі күңіл-күй сыйланды.
"Балабақша Жұлдыздары-2022"
31
мамыр
2022
"Балабақша Жұлдыздары-2022"
"Балабақша Жұлдыздары-2022" балабақшамен қоштасу ертеңгілігі.  Бақшамыздан түлеп ұшқан барлық балапандарымызға ақ жол тілейміз!  Жаңа өмірге басқан алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын.  Мектепте озат, алғыр, тәртіпті оқушы болатындарыңызға сенеміз! Өтті міне көп күндер Жеті жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл - ойларың Құтты болсын тойларың!
1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі, "Достығымыз жарасқан" Мектепалды даярлық «Сұңқар» тобы
29
сәуір
2022
1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі, "Достығымыз
Мектепалды даярлық «Сұңқар» тобы,1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесін атап өтті.  Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйретті. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен татулықта, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиеледі.    
Кіші "Ботақан" тобы, "Төрлет,төрлет Наурыз"
18
наурыз
2022
Кіші "Ботақан" тобы, "Төрлет,төрлет Наурыз"
Кіші "Ботақан" тобында ұлыстың ұлы күні, салт-дәстүрлерді, жол-жоралғыларды орындауға тырысты. Сол салт-дәстүрлеріміздің бірі- тұсау кесу рәсімін әжей балаларға көрсетті. Бүлдіршіндеріміз мерекеге арналған әнін қонақтарға арнады. "Қол күрес" ойынын балалар қ ос қолдап, арқанды ұстап тартысқа түсті. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, топтасып ойнау арқылы ойнады.
"Қош келдің Әз наурыз! " Ортаңғы "Бәйшешек" тобы
16
наурыз
2022
"Қош келдің Әз наурыз! " Ортаңғы "Бәйшешек" тобы
Ортаңғы "Бәйшешек" тобы  "Қош келдің Әз наурыз! " ертеңгіліктер өткіздірді. «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсетті және оны құрметтей білуді үйретті. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік берді, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттады. Ұлттық ойындар ойнап қуанышқа бөленді.
Кіші "Ботақан" тобы, «Мерекеңмен Анашым!»
04
наурыз
2022
Кіші "Ботақан" тобы, «Мерекеңмен Анашым!»
Кіші "Ботақан" тобының балаларына 8-наурыз халықаралық әйелдер күні туралы мағлұмат берілді. Балаларға адам баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндірді.  Аналарды сыйлауға, құрметтеуге үйретті. Анаға деген ыстық сүйіспеншіліктерін балалар өздерінің ән, билерімен өнерлерімен жеткіздірді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен қызықты ойындар ойнады.
"Аяулы менің Анашым!" 8-наурыз Ортаңғы "Бәйшешек" тобы
02
наурыз
2022
"Аяулы менің Анашым!" 8-наурыз Ортаңғы "Бәйшешек" тобы
Ортаңғы "Бәйшешек" тобында "Аяулы менің Анашым!" атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Балаларға 8-наурыз халықаралық мейрамы  екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Балалар аналарына арнап тақпақтар айтып, ән орындады. Өздерінің құттықтауларын жеткізді.
«Ғажайып, жаңа жыл!» Ересек «Қарлығаш" тобы
22
желтоқсан
2021
«Ғажайып, жаңа жыл!» Ересек «Қарлығаш" тобы
Ересек «Қарлығаш" тобы  «Ғажайып, жаңа жыл!» атты мерекелік  ертеңгілік өткіздірді. Балаларға м ерекелік көңіл күй сыйлады. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның ойындарына балалар дән риза болды. Кейіпкелер балалармен бірлесіп қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би билеп барлық өнерлерін ортаға салды. 
"БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ"
30
қазан
2021
"БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ"
"БЕРЕКЕЛІ-Алтын күз!"  атты ертеңгілік. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.