Ертеңгіліктер » Страница 6 » №190 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№190 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 229-59-33
Әдіскер:
+7(727) 229-59-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әкем, анам және мен" спорттық сайыс. Мектепалды даярлық "Қарлығаш" тобы
09
қараша
2022
"Әкем, анам және мен" спорттық сайыс. Мектепалды даярлық "Қарлығаш"
Бақшамызда "Әкем, анам және мен" мектепалды даярлық тобының ата-аналарының қатысуымен спорттық сайыс өтті.  Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату.   
"Ормандағы ғажайып оқиға" мерекелік ертеңгілік
22
қазан
2022
"Ормандағы ғажайып оқиға" мерекелік ертеңгілік
Мектепалды даярлық "Қарлығаш" тобы.  Сиқырлы театрға Шақырады сіздерді Біздің дарын балалар Көрсетеді ертегі  балалар күз мезгіліндегі тіршіліктің қайнаған шағын әдемі мюзиклмен көрсетті. Әдемі әндер мен көңілді билер биленіп, мерекелік іс-шара өз нәтижесін берді.
"Күз -мерекем, күз-берекем"
21
қазан
2022
"Күз -мерекем, күз-берекем"
Ересек "Сұңқар" тобы "Күз -мерекем, күз-мерекем" атты мерекелік ертеңгілігі ата-аналар мен балаларға ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әндер,билер, тақпақтар айтылып, күз ханшайымы мерекелік іс-шараның көркін келтірді. "Құмырсқа мен шегіртке" желісі бойынша қойылым қойылды. Балаларға күз мезгілінде береке бар екенін, көп еңбек ету керек екендігін түсіндірді. 
"Берекелі,Алтын күз!"мерекелік ертеңгілік
21
қазан
2022
"Берекелі,Алтын күз!"мерекелік ертеңгілік
Ортаңғы "Күншуақ" тобы "Берекелі,Алтын күз!" атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, әр-түрлі іс-әрекетке тарту. Шығармашылық ой -қабілеттерін дамыту. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату.
"Тіл-ел тірегі"  "Бәйшешек" ересектер тобы
22
қыркүйек
2022
"Тіл-ел тірегі" "Бәйшешек" ересектер тобы
Тіл мерекесіне ораай тақырыптық іс-әрекет "Бәйшешек" ересектер тобымен өтті. Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
"1 қыркүйек-Білім күні"
01
қыркүйек
2022
"1 қыркүйек-Білім күні"
 Балабақшамызда, білім күніне орай "Білімдіге нұр жауар" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: Балаларға білімі күні мереке екенін жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру. Еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа,білімді  азамат етіп тәрбиелеу.  
"Көңілді қадам"спорттық сайыс
19
шілде
2022
"Көңілді қадам"спорттық сайыс
 "Көңілді қадам" балаларды шынықтыру мақсатында спорттық сайыс ұйымдастырылды.  Балалар ойындарға белсене қатысып, көңілдеріде көтеріңкі болды.