Ата-аналарға » Страница 8 » №190 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№190 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 229-59-33
Әдіскер:
+7(727) 229-59-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бейбітшілік үшін" асфальтқа сурет салу
07
маусым
2022
"Бейбітшілік үшін" асфальтқа сурет салу
 "Сәлем, жайдарлыжаз!" балалармен жаздық іс-шаралар. Асфальтқа "бейбітшілік үшін" тақырыбында балалар түрлі-түсті борлармен сурет салды.
"Балаларды қорғау күні"
03
маусым
2022
"Балаларды қорғау күні"
Жаздың алғашқы күні,балалардың шуақты сыңғырымен басталды.   Биылғы жыл балалар жылы. Балаларды қорғау күніне орай бақшамызда "Бақытты балалар" тақырыбында ойын-сауық өтті. Қызықты ойындар, әндер шырқалып,  тәттіледен дәм татып, балаларға көтеріңкі күңіл-күй сыйланды.
"Балабақша Жұлдыздары-2022"
31
мамыр
2022
"Балабақша Жұлдыздары-2022"
 "Балабақша Жұлдыздары-2022" балабақшамен қоштасу ертеңгілігі.  Бақшамыздан түлеп ұшқан барлық балапандарымызға ақ жол тілейміз!  Жаңа өмірге басқан алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын.  Мектепте озат, алғыр, тәртіпті оқушы болатындарыңызға сенеміз! Өтті міне көп күндер Жеті жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл - ойларың Құтты болсын тойларың!
"Жеңіс туы желбіре" Ортаңғы "Бәйшешек" тобы
06
мамыр
2022
"Жеңіс туы желбіре" Ортаңғы "Бәйшешек" тобы
Тақырыбы   «Жеңіс туы желбіре» Мақсаты:  Балаларға батырлық,ерлік туралы түсінік беру, бала бойына батырлық жігерлік қасиеттерді қалыптыстыру. Рухани отансүйгіштік сезімді дамыту, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын байыту.Балалардың Отанға деген білімділігін арттыру.
" Біз Отанның сарбазы" Ортаңғы " Күншуақ"  тобы
06
мамыр
2022
" Біз Отанның сарбазы" Ортаңғы " Күншуақ" тобы
Тақырыбы:  «Біз Отанның сарбазы» Мақсаты:  Балаларға 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру.  9 - мамыр Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үйрету. Отанды сүюге, өзінің елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.  
"9 – мамыр – Жеңіс күні!" Мектепалды даярлық «Сұңқар» тобы
06
мамыр
2022
"9 – мамыр – Жеңіс күні!" Мектепалды даярлық «Сұңқар» тобы
Мектепалды даярлық «Сұңқар» тобы 9-мамыр – Жеңіс күні мерекесінде балаларға батырлық,ерлік туралы түсінік берді, бала бойына батырлық жігерлік қасиеттерді қалыптыстырды. Рухани отансүйгіштік сезімді дамыту арқылы, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын байытуға дағдыландырды. Балалардың Отанға деген білімділігін арттыру мақсатында әңгімелесу арқылы баланың ой-өрісін ән айтып, би билеп және дидактикалық ойындар арқылы дамытты . Балаларды достыққа, бейбітшілікке тәрбиеледі. 
"9 мамыр - Жеңіс күні!" Ересектер "Қарлығаш" тобы
05
мамыр
2022
"9 мамыр - Жеңіс күні!" Ересектер "Қарлығаш" тобы
Тақырыбы:  «9 мамыр – Жеңіс күні» Мақсаты:  Ұлы жеңіс күнінің маңыздылығын,батырларымыздың ерлігін дәріптеу. Балаларды еңбекқорлыққа, елін, туған  жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Балаларға бағыт бере отырып топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, мәтін мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу,әңгімелеу арқылы тілдері дамыту.
"Біз Отанның сарбазы", 7-мамыр Отан қорғаушылар күні, Ортаңғы "Күншуақ" тобы
05
мамыр
2022
"Біз Отанның сарбазы", 7-мамыр Отан қорғаушылар күні, Ортаңғы
Ортаңғы "Күншуақ" тобы,"Біз Отанның сарбазы" тақырыбында балаларға 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін өткіздірді.  Отанымызды қорғаушы батырларымыздың ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үйретті. Отанды сүюге, өзінің елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиеледі. Балалар жапсыру әдісі арқылы батыр ағаларына арнап өз қолдарымен сыйлықтар жасады.    
"Достығымыз жарасқан" ортаңғы "Күншуақ" тобы
29
сәуір
2022
"Достығымыз жарасқан" ортаңғы "Күншуақ" тобы
Тақырыбы:  «Достығымыз жарасқан» Мақсаты:  1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларға көпұлттық мемлекет екенімізді түсіндіру. Бірлікке, татулыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету, басқа ұлт өкілдерімне тату болуға тәрбиелеу. 
"Достық мерекесі" Ересектер "Қарлығаш" тобы
29
сәуір
2022
"Достық мерекесі" Ересектер "Қарлығаш" тобы
Тақырыбы: «Достық мерекесі» Мақсаты:  Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.