Біз туралы » Страница 10 » №190 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№190 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 229-59-33
Әдіскер:
+7(727) 229-59-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Біз Отанның сарбазы", 7-мамыр Отан қорғаушылар күні, Ортаңғы "Күншуақ" тобы
05
мамыр
2022
"Біз Отанның сарбазы", 7-мамыр Отан қорғаушылар күні, Ортаңғы
Ортаңғы "Күншуақ" тобы,"Біз Отанның сарбазы" тақырыбында балаларға 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін өткіздірді.  Отанымызды қорғаушы батырларымыздың ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үйретті. Отанды сүюге, өзінің елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиеледі. Балалар жапсыру әдісі арқылы батыр ағаларына арнап өз қолдарымен сыйлықтар жасады.    
"Достығымыз жарасқан" ортаңғы "Күншуақ" тобы
29
сәуір
2022
"Достығымыз жарасқан" ортаңғы "Күншуақ" тобы
Тақырыбы:  «Достығымыз жарасқан» Мақсаты:  1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларға көпұлттық мемлекет екенімізді түсіндіру. Бірлікке, татулыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету, басқа ұлт өкілдерімне тату болуға тәрбиелеу. 
"Достық мерекесі" Ересектер "Қарлығаш" тобы
29
сәуір
2022
"Достық мерекесі" Ересектер "Қарлығаш" тобы
Тақырыбы: «Достық мерекесі» Мақсаты:  Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.    
"1-мамыр достық мерекесі "
29
сәуір
2022
"1-мамыр достық мерекесі "
Ортаңғы "Бәйшешек" тобында, балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізді.  Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азяма  белуга тәрбиеледі. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтті. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйретті.   
1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі, "Достығымыз жарасқан" Мектепалды даярлық «Сұңқар» тобы
29
сәуір
2022
1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі, "Достығымыз
Мектепалды даярлық «Сұңқар» тобы,1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесін атап өтті.  Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйретті. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен татулықта, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиеледі.                                         
"Аквариумдағы балықтар" ашық оқу қызметі. Ортаңғы "Бәйшешек" тобы
24
наурыз
2022
"Аквариумдағы балықтар" ашық оқу қызметі. Ортаңғы "Бәйшешек" тобы
Ортаңғы "Бәйшешек" тобының тәрбиешісі "Аквариумдағы балықтар" тақырыбында сурет салудың жаңа технологиясы арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттырды. Педагогтарға іс-тәжірибесін бөлісу мақсатында ашық оқу қызметін көрсетті. Саусақ моторикасын дамыту, қыстырғыштар және көкеніс пен де сурет салуға болатынын балаларға қызықты ойындар түрінде көрсетті. Балалардың ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасауы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытты.     
Кіші "Ботақан" тобы, "Төрлет,төрлет Наурыз"
18
наурыз
2022
Кіші "Ботақан" тобы, "Төрлет,төрлет Наурыз"
Кіші "Ботақан" тобында ұлыстың ұлы күні, салт-дәстүрлерді, жол-жоралғыларды орындауға тырысты. Сол салт-дәстүрлеріміздің бірі- тұсау кесу рәсімін әжей балаларға көрсетті. Бүлдіршіндеріміз мерекеге арналған әнін қонақтарға арнады. "Қол күрес" ойынын балалар қ ос қолдап, арқанды ұстап тартысқа түсті. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, топтасып ойнау арқылы ойнады.
Кіші "Ботақан" тобы, «Мерекеңмен Анашым!»
04
наурыз
2022
Кіші "Ботақан" тобы, «Мерекеңмен Анашым!»
Кіші "Ботақан" тобының балаларына 8-наурыз халықаралық әйелдер күні туралы мағлұмат берілді. Балаларға адам баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндірді.  Аналарды сыйлауға, құрметтеуге үйретті. Анаға деген ыстық сүйіспеншіліктерін балалар өздерінің ән, билерімен өнерлерімен жеткіздірді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен қызықты ойындар ойнады.
1-наурыз "Алғыс айту"күні
01
наурыз
2022
1-наурыз "Алғыс айту"күні
"Алғыс айту"күнінде балабақшамыздағы балалар ата-аналарына, апайларына алғыстарын білдіру үшін, өздерінің шығармашылықтарын ортаға салды. Үлкенгеде, кішігеде алғыс деп әндерін, тақпақтарын айтып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін, сыпайлық қарым-қатынастарын көрсетті. 
"Денсаулық – зор байлық". Ашық оқу қызметі. Ортаңғы "Күншуақ" тобы
17
қараша
2021
"Денсаулық – зор байлық". Ашық оқу қызметі. Ортаңғы "Күншуақ" тобы
Ортаңғы "Күншуақ" тобы "Денсаулық – зор байлық" тақырыбында ашық оқу қызметін балалармен ойын арқылы қызықты өткіздірді. Балалар белсене атсалысты. Балардың өзара қимыл-қозғалыстарын жаттығу арқылы қол, аяқ, кеуде бұлшық еттерін жетілдіру мақсатында қимылды ойндар ойнатты. Негізгі қимылға жататын  жүру, жүгіру секіру, еңбектеу жаттығуларының әдіс-тәсілдерін үйретті.   Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке баулыды.